15.04.2022, 16:30
Оқылды: 46

Рамазан айында жерлестеріне жәрдемдесті

Қасиетті Рамазан айында Теректі ауданына қарасты Шалқар, Аңқаты ауылдық округтерінің  тұрғындарына азық-түлік берілді. Бұл игі істі бастаған Рыбцех ауылының тумасы, бүгінде «Жұмағазы Хазірет-Дәдем ата» қорымының шырақшысы - Ғарифолла Жанбозов. Ол қос округ бойынша  20 отбасыға 270 мың теңге көлемінде қаржылық қолдау білдіріп, қасиетті айдағы сауапты іске бастамашы болды. 

11

Шалқар а.о әкімі С.Мусин мен Аңқаты а.о әкімі А.Хайрекеев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға барып, азық-түлікті табыстады.

12

Ауыл тұрғындары «Дәдем ата» қорының атынан көмек көрсеткен Ғ.Баймұратұлына  өз алғыстарын білдірді.

10

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале