Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау – ең сауапты да қайырлы істердің бірі. Бүгін Қасиетті Рамазан айына және қайырымдылық күніне орай, Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, "Нарын жастары" жастары қоғамдық бірлестігі және "Шапағат-нұры" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Сайқын ауылының ораза тұтқан 25 тұрғынына «Рамазан қоржынын» таратылды.
Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы