Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бөкей ордасы ауданы бойынша аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия мүшелері наурыз айының 28-30 күндері аралығында аудандық мекемелерге ҚР Мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасуы бағытында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Күні бүгінге дейін аудандық 55 мекемеге мониторинг жасалды. Мониторинг барысында Мемлекеттік Тудың ластануы, Мемлекеттік Елтаңбалардың түстерінің қараюы, мекеме атауы жазылған маңдайшалардың орналасу тәртібіне сай келмейтіндігі, мекеме қолданысындағы фирмалық бланкілердегі елтаңбаның бейнесі ескі үлгіде пайдаланылып келгені анықталды. Анықталған кемшіліктерге байланысты мемлекеттік мекемелерге тиісті ескертулер беріліп, түзету шараларына ұсыныс айтылды.
Мемлекеттілігіміздің нышаны саналатын рәміздердің тиісті стандартқа сәйкестілігі әркез басты назарда болуы шарт. Айталық, мемлекеттік рәміздерді пайдалану міндетті болып табылатын жағдайларда оларды қолданбау лауазымды адамға жоғары мөлшерде айыппұл салынумен жазаланады. Оның көлемі 200 айлық есептік көрсеткішті құрап отыр.
Аслан Бижанов,
Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а