18.01.2026, 10:22
Оқылды: 130

Раздольныйда әкім сайлауы өтіп жатыр

​Бүгін Раздольный ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Үш кандидат ауылдық округ әкімі болу үшін бағын сынауда.

photo-output

​Ауылдық клубта орналасқан №189 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Мұнда 394 сайлаушы тіркелген. Алғашқы болып Сәбит Зұлқарнаев өз дауысын берді. Оған сол үшін естелік сыйлық табысталды. Алғаш болып дауыс бергендердің бірі - ауыл тұрғыны Елена Капустина. «Мен сайлаудан қалмауға тырысамын,-деді ол.-Себебі, бұл іс ауылымыздың болашағына бейжай қарамауды білдіреді. Мұны ауылымызда туындаған түрлі өзекті мәселелерді шеше алатын, елге жанашыр кандидатты таңдау жолындағы жауапты миссия деп білемін. Сондай жанға дауысымды бердім».

photo-output
№189 сайлау учаскесінің төрағасы Ирина Кондрашованың пікірінше, сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сәйкес ұйымдастырылды. Комиссия мүшелері белсенді түрде жұмыс істеуде. Үй жағдайында дауыс беруге 27 сайлаушы тіркелген.
Сағат 10-00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 6,85 пайызы дауыстарын берді.

Динара Ғизатова
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале