Қазақстанда 6 қазан күні республикалық референдум өтеді. Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде референдумды өткізуге байланысты учаскелік комиссия мүшелері үшін оқыту семинары өтті.
«Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинарға 10 учаскелік референдум комиссиясы – Казталов, Бостандық, Бірік, Тереңкөл, Болашақ а/о УРК мүшелеріне оқыту семинары өтті. Семинарға 50-ге жуық комиссия мүшелері қатысты.
Онда Казталов ауданының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев саяси науқанның маңыздылығын, сайлау кезінде хатшылардың хаттама толтыру тәртібін түсіндіріп, учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оку семинарын өткізді.
Сонымен қатар ауданның аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мирлан Құсайынов Қазақстан Республикасы «Республикалык референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Шараның екінші бөлімі практикалық жұмыстар бойынша машықтануға арналып, кейстік оқып-жаттығу тәжірбиесі қолданылды.
Кездесу соңында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына Казталов ауданы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев жауап беріп, түсіндірді.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы