130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің құтты мекеніне айналған Қазақстанымыздың тарихында қалатын осынау айтулы күнде ұзақ жылдар бойына қазақ халқымен бір тудың астында тату-тәтті күн кешіп, бір нанды бөлісіп келген орыс ұлтының өкілі, жәнібектік Николай Себастьянов та тысқары қалмады.
80 жастың желкесіне жетіп қалған жерлесіміздің дәл бүгінгідей маңызды саяси науқаннан қалмайтынына еш шүбәлары болмағанын айтады комиссия мүшелері.
Николай Васильевич болса, өзін әлі де тың сезінетіндігін, әлі талай тарихтың куәсі болатындығын айтып, қуана фотосуретке түсті.
Ақпаратты көрген жастар үлгі алып, референдум учаскелеріне қарай ағылса деген ниетте.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы