15.03.2026, 14:30
Оқылды: 17

Референдум – демократияның маңызды тетігі

ҚР жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізіліп жатқан республикалық референдумға Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қатысты.

image-15-03-26-11-24-4

​Ол Переметный ауылындағы «Шың» драма театрында орналасқан №157 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
​Сол кезде өздерінің таңдауын жасап жатқан аудандық «Ақ ниет» халықтық әжелер ансамблінің мүшелерімен көрісіп, «Науырызнама», Амал мекемесімен құттықтады. Бүгін еліміз үшін маңызды күн, референдум — азаматтарға өз пікірін білдіруге және мемлекеттің болашағын айқындайтын шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік екенін атап өтті.

image-15-03-26-11-24-3
Әжелер азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасағандарын айтты.
Айта кетейік, аталмыш референдум учаскесінде 1286 дауыс беретін азамат тірлкелген. Сағат 10-30-дағы жағдай бойынша 29 азамат үйден беру туралы өтініш берген. Учаске төрағасы Юрий Саяпиннің айтуынша, тұрғындар белсенді түрде саяси науқанға қатысуда.

Сәкен Мұратұлы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале