6.05.2022, 19:05
Оқылды: 34

Референдум өткізу тәртібі талқыланды

6 мамыр күні Казталов ауданы әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтің төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

IMG-20220506-WA0081

Актив отырысының күн тәртібінде 5 маусым күні өтетін республикалық референдумның жүргізілу барысы талқыланды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы референдум ұғымын түсіндіріп, республикалық референдумның жүргізілу барысымен таныстырды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов саяси науқандағы сайлау комиссияларының жұмысын түсіндірді. Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева ақпараттық түсіндіру тобының желілік кестесімен таныстырды. Желілік кестеге 76 шара енгізілген. Оның ішінде 39 ақпараттық түсіндіру жұмыстары, 18 спорттық шара, 12 мәдени-көпшілік шара, 3 рухани шара, 4 жастар саясатына бағытталған шаралар қамтылған.

Келелі жиында ауданымыз бойынша референдум туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі штаб құрамы таныстырылды. Кәсіби медиатор Марат Харесұлы төрағалық ететін штаб құрамында Уәлиолла Әбішев, Батырхан Қайырханұлы, Мағауия Сансызбайұлы, Нұрлан Нағымұлы, Ғалия Қабдолқызы, Гүлнар Мұтиғоллақызы, Қадырболат Халиоллаұлы, Дулат Қазиоллаұлы, Серікбол Сағындықұлы, Гүлнұр Зейінқызы, Жұмабек Берікұлы, Әсем Болатқызы, Салтанат Кәрімқызы, Ғаділбек Тілекқабылұлы бар.

Елімізде үшінші мәрте өткізілетін референдумның маңызы зор. Ата Заңымызға бүгінгі қоғамның талабына сай өзгерістер енгізілген. 5 маусым күні халқымыз Ата Заңымыздың 33-бабына енген өзгерістерге дауыс бермек. Сондықтан референдум хақындағы, Конституциядағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жетілдіру халықтың біліктілігін арттырып, сенімді қадам жасауына септігін тигізері сөзсіз.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале