15.03.2026, 10:07
Оқылды: 23

Референдум учаскелерінде бөкейлік тұрғындар өз таңдауын жасауда

Естеріңізге сала кетсек, Бөкей ордасы ауданы бойынша референдум учаскелерде 22 комиссия, сегіз мыңнан астам комиссия мүшесі қызмет етеді. Жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдумның учаскелік комиссиялары таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

photo-output

- Жасыратын ештеңесі жоқ, аға буын өкілдері Кеңес замандағы әдет-дағдыларына сай рауандап атқан күнмен жарысып, дауыс беруге жарысып келуде. Осындай азаматтық белсенділік бүгінгі ұрпаққа жұғысты болса игі еді, - дейді #53 референдум учаскесінің төрағасы Қуаныш Елемесов.
Айтса айтқандай, сексеннің бесінші белесіне аяқ басқан Мағзомова Тамара әжеміз өз аяғымен келіп, таңдауын жасады.
Нұрмұханбет, Ағила Өтегеновтер де елең-алаңнан ерте келгендердің бірі. Нұрмұханбет ағамыздың көру қабілеті кем, үйден отырып та дауыс беру мүмкіндігіне ие. Бірақ ағамыз жұбайының жетелеуімен өз аяғымен келіп, таңдауын жасады.
Бұл ерлі-зайыптылар газетіміздің тұрақты кейіпкерлері. Наурыз басталды, ұлттық киімдерін киіп, төл құндылықты ұлықтап, сайлау, референдум сияқты саяси науқандарда азаматтық парыздарын өтеп, белсенділік танытатындары бар.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале