12.03.2026, 23:43
Оқылды: 18

Референдум – халық таңдауын айқындайтын маңызды қадам

Шыңғырлау ауданы активінің отырысында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға дайындық мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынды жүргізген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев бұл науқанның еліміздің болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, барша азаматтарды жауапкершілікпен қарауға шақырды.

image-12-03-26-09-40

Аудан басшысы өз сөзінде әрбір дауыстың маңызды екенінайтып, тұрғындардың дауыс беруге белсенді қатысуына жағдай жасау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ әр азаматтың отбасымен, әріптестерімен бірге келіп, азаматтық позициясын білдіруі ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі екенін жеткізді.

Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев сөз алып, аудандағы учаскелік референдум комиссияларының дайындығы туралы баяндады. Оның айтуынша, ауданымыз бойынша 19 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жасайды. Барлығы 8137 сайлаушы тіркелген. Барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ұйымдастыру жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Дауыс беру күні тұрғындардың өз таңдауын еркін әрі ашық білдіруіне барлық жағдай жасалады,- дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Референдум – халықтың тікелей еркін білдіретін демократиялық институттардың бірі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдауы – мемлекеттің зайырлылығының белгісі, дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Ал, мемлекет болашағына қатысты өзгерістерге бейжай қарамау әрбір ел азаматының перзенттік парызы.

Халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» десе, осындай тағдыршешті елдік мәселеде ұйымшылдық танытуды меңзегені. Референдумға белсенді қатысу да ортақ жауапкершілік.

- Еліміз тыныш, аудан халқы жақсы, еңбеккер, ұйымшыл. Тұрғындардың осынау саяси қадамның аса маңызды екенін түсінетініне сенемін. Әрбір азаматтың дауысы – ел ертеңіне қосқан үлесі. Сондықтан аудан тұрғындарын алдағыр еферендумға бір кісідей атсалысып, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайық, - деп аудан басшысы жиынды түйіндеді.

Халық үні қашанда әділдіктің өлшемі, ал ел болашағы әрбір азаматтың саналы қадамында.

Қаршыға Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале