3.10.2024, 10:45
Оқылды: 120

«Референдумда әрбір қазақстандықтың таңдауы – біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналады» – пікір

881825C2-1FF4-44A6-BB4B-0C99B9043F7A

Сурет: freepik.com

Баршаға аян, 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Бұл шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кеңінен талқылау қажеттігі туралы айтты. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін атом энергетикасын дамыту аса маңызды. Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі.

Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Мұндай референдум әрбір азаматқа өз ұстаным-пікірінің мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Байырғы замандардағы хандарымыз іргелі істерде халықпен кеңес құрған, бұқарасының батасын алған. Бертінде қазақ көсемдері мәңгілік ел құру жолында бас біріктіріп, бір тудың астына жиылып, Ұлытаудағы жақпар тастарға бірліктің бітімінің символындай төл таңбаларын қашап қалдырған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдумда әрбір қазақстандықтың таңдауы – біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналады. Әр қазақ халқымыздың ардақ тұтар адамдық, азаматтық қасиеттерін танытып, Президенттің реформаларын құптап, оны талқыға салуға қызу атсалысады, референдумға белсене қатысады деген сенімдемін.

Альбина Дощанова

Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшесінің меңгерушісі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале