15.03.2026, 11:45
Оқылды: 16

Референдумға қатысу әр жасқа үлгі

Шыңғырлау ауданының №422 референдум учаскесінде жастары 18 жасқа толған азаматтар да өз таңдауларын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 12.32.22 (1)  Жастарымыз өз азаматтық міндетін атқарып, еліміздің дамуы мен тұрақтылығына өз үлестерін қосуда.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 12.32.22
Аудан тұрғындары бұл көріністі жылы қабылдап, ұрпақтар арасындағы байланыс пен патриоттық сезімді арттыруға зор мән беруде. Алғаш таңдау жасайтын сайлаушылар қатарында Дамир Масалимов, Шайслам Шарустамов рефрендум учаскесіне келді.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 12.32.17
Сонымен қатар Ирмановтардың отбасы мен жас ұстаздар Орынғали Асқаров, Гүлжазира Түймешоваларда таңдауларын жасады. Ардагерлер мен жастардың бірлескен белсенділігі еліміздегі демократиялық үрдістің маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Бұл маңызды саяси науқан әрбір азаматтың қатысуымен мәнді, әрі ел болашағына сенімін арттыратын іс-шараға айналды.

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале