Елімізде 6 қазан күні атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтетіні белгілі.
Бұл шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кеңінен талқылау қажеттігі туралы айтқан болатын. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін атом энергетикасын дамыту аса маңызды.
Осы референдумда әрбір қазақстандыққа:
«Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» - деген сауал қойылады. Бұл сауал – тектен-текке жай беріле салған сауал емес. Ол талқыланған, сарапқа салынған. Мен елімнің жағдайына бейжай қарамайтындықтан осы референдумға қатысамын. Өз пікірімді білдіремін.
Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер етеді. Сондықтан бұл мәселе кеңінен талқыланғаны жөн.
Анар Қайрекенова
Теректі аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер