6.10.2024, 12:48
Оқылды: 68

Референдумға құрылысшылар да қатысып жатыр

Биыл Сырым ауданы үшін – құрылыс жылы. 

Тасқыннан кейінгі инфрақұрылымдарды, үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарында қайнаған құрылыстар жайнаған ауылға себеп болып жатыр. 

IMG-20241006-WA0195

Өлеңті ауылындағы 30 пәтерлі тұрғын үй кешенінің де құрылысы аяқтала келді. Бүгін мердігер «Профлайн Constraction» ЖШС жұмысшылары да уақыт тауып, 293-ы учаскеге келіп, таңдауларын жасады.

Жалпыхалықтық референдум Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесін ел талқысына ұсынып жатыр.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале