Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округіндегі сайлаушы Тұрғали Оразалиев еліміз үшін айтулы күнде 79 жасқа толды.
Туған күн иесіне №314-ші сайлау учаскесі референдум комиссиясының төрағасы Қайыржан Арыстанов жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
- "Жаңа жасымда - жаңа Қазақстанның жаңашылдығын көргіміз келеді. Ол үшін халықтың дауысы аса маңызды",- дейді ақсақал.
Аталмыш ауылдық округ бойынша халықтың 62%-ы дауыс беріп үлгерген.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz