5.06.2022, 15:31
Оқылды: 45

Референдумнан ардагерлер де қалыс қалмады

Батысқазақстандық 98 жастағы ҰОС ардагері Вениамин Скаленко референдумда өз дауысын берді. В.Скаленко соғыста Прага, Будапешт, Вена, Бруно қалаларын азат етуге айрықша үлес қосқан. Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған ардагерімізге №447 сайлау учаскесінің өкілдері үйіне барып, қарияның Конституцияға сәйкес референдумда дауыс беру құқығын іске асырды.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 15.24.43

В.Скаленконың айтуынша, елдегі болар оң өзгерістер Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін жасалып жатқан қадамдарды ол да қолдайды.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 15.24.44

Ақжайықтық Сәлима Әбуова жасы 90-нан асса да, еліміздің тағдырын анықтайтын маңызды күні үйде қалмай, ұл-келін, немерелерімен бірге учаскеге келді. «Елсіз, мемлекетсіз халық болмайды. Іргеміздің бүтін, аспанымыздың ашық болуы бірлігіміздің арқасында. Еліміздің болашағы әр адамның таңдауына байланысты. Сондықтан менің пікірім де маңызды», – дейді қарт ана.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 15.24.45

Шыңғырлаулық қарттарымыздың бірі, 92 жастағы тыл еңбеккері М.Н.Крицков сайлаушы ретінде өз дауысын берді. Зейнет жасына дейін өмір бойы механизатор болып қызмет атқарған М.Н.Крицков Референдум өткізілуі жөнінде шақыру қағаздарын апарған жастарға өзі барып дауыс беретінін айтқан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале