24.04.2017, 18:22
Оқылды: 20

Ресейлік дәрігерлер ем көрсетуде

Ақсай қаласына көршілес Ресей елінің Тольятти қаласынан дәрігерлер келіп, мүмкіндігі шектеулі кішкентай бөбектерге қажетті ем-домын жасап жатыр.


Игі іс ұйымдардың бірлескен іс-қимылының нәтижесіндежүзеге асуда.

Ал кемтар жастардың көпшілігі шетелдік дәрігерлердің көмегіне «Жас дарын» қоғамдық қорының қаржылай қолдауы арқасында қол жеткізді.

Дәрігер мамандар ерекше балаларға кинезиотерапия, уқалаудың бірнеше түрі мен емдік дене шынықтыру сеанстарын өткізуде.

- 13 жасар ұлым  Жанатбек туғаннан тағдыр тауқіметін тартып келеді. Талма ауруы болғандықтан, уақытылы ем-дом ала-алмай жүрдік. Қазір ресейлік дәрігерлердің көмегімен аяққа тұруға талпынуда. Орталық жүйке жүйесін қалыпқа келтіру үшін Жанатбекке  жылына үш рет сауықтыру шараларынан өту керек. Үлкен қаражатты талап ететін бұндай емге кез-келген ата-ананың қалтасы көтере бермейтіні рас, - дейді Ақсай қаласының тұрғыны Жанаргүл Қабақбаева.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале