31.10.2025, 15:30
Оқылды: 200

Республикада «Үздік» атанды

Астана қаласында әлеуметтік сала қызметкерлерін ұлықтау мақсатында “Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба” республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

IMG-20251030-WA0060 (1)

Аталған байқау әлеуметтік сала мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және қоғам игілігіне қосқан үлесін насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Биылғы байқауда еліміздің әр өңірінен келген үздік мамандар бақ сынады. Олардың арасында Казталов ауданының намысын қорғаған әріптесіміз Бақдәулет Қанатұлы “Еңбек мобильділігі орталығының (Мансап орталығының) үздік қызметкері” аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік – ауданымыздағы әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегінің еленгенінің айғағы. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді басты мақсат еткен Бақдәулет Қанатұлының жеңісі – Казталов ауданының әлеуметтік сала ұжымының ортақ қуанышы.

IMG-20251030-WA0059 (1)

Жерлесімізге алдағы уақытта да кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале