4.11.2023, 19:02
Оқылды: 56

Республикалық байқауда теректілік өрендер марапатталды

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының Алматы қаласында өткен марапаттау рәсімінде теректілік оқушылар сахна төріне көтерілді.

магжан +

«Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қоры ақын, дара тұлға Мағжан Жұмабаевтың 130 жасына байланысты ұйымдастырған шығармашылық байқауға елдің түкпір-түкпірінен екі мыңдай мектеп оқушылары қатысыпты.

«Мен жастарға сенемін» деп жырлаған ақиық Мағжанды ұлықтау шарасына Теректі ауданынан балалар қатысты.

Мектеп оқушылары Мағжан жырларын оқыған бейнебаяндарын, Мағжан өлеңдері желісімен салынған суреттерін ұйымдастырушылар атына жолдаған. Ал олар екі мыңның ішінен 500 ең әсерлі оқылған өлең, ең мағыналы сурет, ең жалынды арнауды іріктеп, жүлде тапсыруға шақырды.

Теректі ауылынан сол 500 жүлдегердің қатарында марапатталуға ұстаз-шәкірті аралас үлкен топ аттанды.

Тарқатып айтсақ, көркем оқудан жас ерекшеліктеріне қарай Федоров орта мектебінің оқушылары Айша Хамит, Жаннұр Оңғарбай, Әмина Байсеит, Әбілқайыр Болат, Медина Тыныштық, Ақнұр Есмырза, Айару Рахметолла І орын иеленді. Сурет салудан Бекзат Жұмағалиев пен Айару Миржан үздік атанды. Ұлтжанды, өнерлі жасөспірімдердің ұстаздары Ұлғаным Идресқалиева, Салиха Құбашева, Айнагүл Сұлтанова, Гүлжанар Имашева дарынды шәкірт дайындағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Бір қуантарлығы, орыс тілді Федоров №1 орта мектебінің оқушысы Айару Олжас Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңімен ІІ орынды бағындырды. Орыс тілді мектепте жеткіншекті өлең оқуға баулып, тілжанды шәкірт тәрбиелеген ұстазы Алтынай Пернебековаға «Құрмет грамотасы» табысталды.

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале