27.09.2023, 10:00
Оқылды: 41

Республикалық фестивальден жүлделі оралды

Жуырда Оралда халықаралық Туризм күніне арналған білім беру қызметкерлері арасындағы "Европа - Азия" туристік фестивалі өтті.
 IMG_7059
“Евразия” туристік-сауықтыру кешенінде өткен республикалық фестивальге Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облыстарының және Батыс Қазақстан облысының аудандары сапында Сырым ауданының туризм орталығы ұжымының қосымша білім беру педагогтерінен құралған командасы да бақ сынаған болатын.
Жоғары дайындықпен қатысып, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан сырымдық педагогтер жүлдесіз оралмады.
IMG_7060
Атап айтсақ, “Байлам” қашықтығы аталымында аралас жұп бойынша Сырым Әжғалиев пен Гүлбарам Жайманова, ерлер арасында Мереке Тілеу мен Мәдениет Үмбетияров ІІІ орынға табан тіреді.
 "Техникалық" қашықтық бойынша аудан командасы жалпы командалық есепте де ІІІ орынды қанағат тұтып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале