31.01.2019, 11:40
Оқылды: 29

Республикалық маңызы бар жолдың күрделі жөндеуі маусымда басталады

-Облыс орталығымен қатынайтын республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталу қарсаңында. Жол салу жұмыстары биыл маусым айында басталады деп күтілуде.

jol2

Аудан орталығындағы ұзындығы 5,6 шақырым құрайтын көше жолдарына жаңадан асфальт төселді. Биыл Сайқын ауылындағы 11 көшені және Хан Ордасы ауылындағы екі көшені жөндеуге құжат дайындалуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сайқын ауылында бес екі пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Сайқын ауылында 16 екі пәтерлік тұрғын үйдің және оған қажетті инженерлік  инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары басталды. Ал 26 екі пәтерлік тұрғын үйдің құжаттамасы сараптамадан өтті. Сайқын ауылында 22 екі пәтерлік және екі қабатты 12 пәтерлік тұрғын үйдің, Хан Ордасы және Бисен ауылдарында төрт екі пәтерлік үйлердің құрылыс жұмыстарына құжаттамалар дайындалуда. Сондай-ақ жеке тұрғындармен жалпы көлемі 4 984 шаршы метрді құрайтын 34 тұрғын үй іске қосылды. Сайқын ауылынан жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 34 жер теліміне инженерлік желі тартылып, кезекте тұрған азаматтарға берілді,-деді Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Сағынтайұлы.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале