Сенбінің сәулелі таңы тамаша жаңалықпен атты. Дөңгеленген дүниенің дүркіреген жеңісіне біз де жеттік. Жаңақала жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Камила Гафарова жалпы білім беретін пәндер бойынша өтіп жатқан республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша топ жарып, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл - зор қуаныш, үлкен жеңіс. Ұстаз еңбегінің ақталғаны. Пән мұғалімі А.И.Юсупова әріптесімізді шын жүрегімізден құттықтаймыз! Өңірімізге жеңіс әкелген, ұстаз мерейін асқақтатқан білім додосының дүлдүлі Камила қызымызға биік белестер тілейміз! Қанаты талмай, биікке самғасын!
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz