28.04.2017, 11:32
Оқылды: 106

Республикалық олимпиададан бірінші орын

 

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының және «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушылар арасында республикалық қашықтық олимпиадасы өтті.


Оған Жәнібек ауданы Ұзынкөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жанат Қажыгереева қатысты.

Сырттай өткен байқау екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде оқушылар шығарма жазса, екінші кезеңде тест тапсырмаларын орындады. Екі кезеңнен де мүдірмей өтіп, жоғары ұпай жинаған Жанат олимпиаданың жүлделі  бірінші орнын жеңіп алды. Жанат пен оның байқауға дайындаған ұстазы, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Лаура Исатаева дипломдармен марапатталды.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале