26.09.2024, 20:35
Оқылды: 136

Республикалық және облыстық штаб мүшелері Бөрліде

Жақында АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық және облыстық халықтық штабтың мүшелері Бөрлі ауданының түрлі сала өкілдерімен кездесті.

WhatsApp Image 2024-09-26 at 17.42.12 (1)

Жиын барысында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының хашысы Вероника Пермитина ауданымызға келген қонақтармен таныстырды. Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штабтың мүшесі, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің ректоры-басқарма төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, топ жетекшісі Нұрлан Серғалиев және облыстық халықтық штабтың мүшелері БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов, Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы, энергетика саласының маманы Рүстем Майранов пен М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Стратегиялық даму және инновация департаментінің директоры Эдуард Имашевтар қатысты.

Республикалық және облыстық халықтық штабтың мүшелері аудан халқына референдум өткізу туралы ақпараттар мен АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар халыққа атом электр станциясын салудың маңыздылығы мен оның елімізге қандай пайда әкелетіні туралы да айтылды.

WhatsApp Image 2024-09-26 at 17.42.14

Ауданға келген қонақтар АЭС салу арқылы еліміз электр қуатына деген тәуелділіктен арылатынын да атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта атом электр станцияларын дамыту арқылы еліміздің экономикасы өсіп, жаңа жұмыс орындарының пайда болатынын халыққа жеткізді.

Еліміздің болашағына қатысты мәселелерде халықтың дауысы маңызды екенін алға тартқан штаб мүшелері жиналған халықты 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Айдана Ерболқызы,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале