Теректі ауданының орталық стадионында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ретро әндер шырқалды.
"Сол бір кездер" әнімен сахнаны трио ашып, Елжас Мағзом мен Ислам Мұрат " Су тасушы қыз", Шайзада Ельжанова "Гүлдәурен", Айбек Дәулетқалиев "Махаббатпен ойнама сен" және "Все , что в жизни есть у меня" әндерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Юрий Новик пен Алия Шин испан әні "Бэсамме мучо" әнін аспапта ойнап жеткізді. Көркемөнерпаздардың әсем ән-жыры көрерменге әдемі көңіл күй сыйлады.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер