22.12.2021, 12:30
Оқылды: 42

Ревакцинация: қорғанысты күшейтеміз

Қазақстанда қараша айының аяғында коронавирусқа қарсы ревакцинация, яғни бұған дейін вакцинаның екі компонентін алған адамдарға үшінші доза салу басталды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі халықты ревакцинациялау жөнінде шешім қабылдан кезде вакцинаның үшінші дозасын бірінші кезекте 60 жастан асқан адамдар мен өздігінен зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар салдырады деп анықтаған болатын. Осы шараға байланысты халық арасында «Ревакцинация деген не? Ол не үшін қажет?» деген сауал қоюшылар көп. Біз бүгін сол сауалға Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасының бас дәрігері Зейіл Мағзомовтың жауабын ұсынамыз.

IMG-20211221-WA0029

-Ревакцинация жайлы сауалға жауап берместен бұрын, жалпы вакцинация не екеніне тоқталайын. Вакциналау  – адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинада ауру қоздырғыштарының  ауру тудырмайтын және онымен асқыну қаупін тудырмайтын қоздырғыштарының өлтірілген немесе әлсіреген түрі ғана бар. Вакциналау ағзаның табиғи қорғанысын қолдана отырып, жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйені күшейтеді. Яғни, иммундық жүйені арнайы антиденелер жасауға үйретеді. Вакцина егілген адамның  организмінде ауруға қарсы иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жыл бойы сақталады. Ауруды жұқтыру қаупі төмендейді, демек, ауруды басқаларға таратуы азаяды. Қоғамда неғұрлым көп адамға вакцина егілсе, соұрлым ауру қоздырғыштың адамнан адамға беру мүмкіндігі төмендейді. Егер халықтың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Міне, вакцинацияның атқарар қызметі осы. Әңгіме тақырыбы коронавирусқа қарсы вакцина жайлы болғандықтан, осы екпе жайлы мәліметпен жалғастырайын: елімізде COVID – 19 қарсы екпе салу ақпан айында басталды.  Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Осы вакциналау науқаны арқылы елде қауіпті вирусқа шалыққандар саны азайды. Коронавирус екпіні бәсеңсіді. Алайда уақыт өткен сайын екпе алған адамдардың ағзасындағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек. Ревакцинация дегеніміз – сол,- дейді Зейіл Жөкенұлы.

Яғни, бір сөзбен айтқанда, ревакцинация – коронавирусқа қарсы қорғанысты күшейту.

 

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале