16.09.2022, 16:31
Оқылды: 118

Резерваттың техника паркі толықты

2022 жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі мен ҚР экология министрлігі резерват пен қорық құру үшін ҚБСА Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және (RSPB) Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамымен бірлесе жұмыстануға келісім жасаған еді. Осы орайда Батыс Қазақстан облысының Казталов, Бөкей Орда, Жаңақала аудандары аумағынан «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік қаумалы құрылған болатын. Жаңадан аяғына тұрып жатқан мекемеге (ҚБСА) Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және (RSPB) Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамы әркез қолдау жасап келеді.

2

Осыдан бір ай бұрын (ҚБСА) Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және (RSPB) Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватына жаңа техника мен жабдықтар алып берген болатын. Ендігі кезекте демеушілер «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің су жаңа «Беларусь – 952» маркалы тракторын және техникаға қажетті жабдықтар алуға демеушілік жасап отыр.

3

Батырхан Байқонақов, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бақылау-тексеру бөлімінің басшысы:

- Бүгін біздің мекеменің демеушілері арқылы резерват жұмысына қажетті 1 дана «Беларусь – 952» маркалы тракторын, оған жиынтық агрегаттар – 1 дана Погрузчик -0,8 ПГУ, 1 дана Ковш-0,9 метр.куб, 1 дана жер жыртатын ПКЛ-70Д сабаны, 1 дана бақшаға арналған бұрғы БС-500 сатып алынды. Сонымен бірге демеушілердің қолдауымен резерват инспекторларына далада жұмыс жасау үшін 42 дана ұйықтау қапшықтары, 52 дана төсемелер, 52 ұйықтау қапшықтарының сөмкесі,  40 дана өртке қарсы қолданатын «РП-18-Ермак» өрт сөндіргіштер алынды. Біздің мекемеге қолдау білдіріп, демеушілік жасап жатқан (ҚБСА) Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және (RSPB) Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамының басшылығына алғыс білдіреміз.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале