29.09.2022, 23:52
Оқылды: 45

Роза Бағланованы еске алу кеші

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» атты еске алу кеші өтті.

IMG-20220929-WA0110

Жанболат Мұсағалиев пен Камила Кенжеғалиева «Ақмаңдайлым» әнімен концерттік бағдарламаның шымылдығын ашты. Одан әрі кеш жүргізушілері көрермен назарына Роза Бағланованың өмірбаянынан үзінді оқып берді. Амангүл Сисенова «Әдемі-ау» әнін тамылжыта шырқаса, Қуанышбек Айдарбеков «Ақсұңқар» әнімен дүйім жұрттың ықыласына бөленді. Бекқали Сағынғалиев «Ақтамақ», Рустам Сәрсенов «Темную ночь», Ақтолқын Қуанғалиева «Сәулем» әндерін шырқады. Раяна Қанатқали мен Айару Рашидқызы «Ерден атаның ертегілері» әнімен көрермен көзайымына айналса, Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі бимен көркемдеді.

IMG-20220929-WA0109

Сахнада Роза Бағланованың журналистермен сұхбаттасқан сәті қойылым ретінде көрсетілді. Роза Бағланованың рөлін Камила Кенжеғалиева сомдады. Қойылым аяқталған соң Роза Бағланованың рөліндегі К.Кенжеғалиева «Ақ самара городок» әнін жоғары деңгейде шырқады. Кейін Айзада Сейітова мен Меруерт Талғатова «Қайдасың» әнімен көрермен ықыласына бөленсе, барша өнерпаздар «Іңкәрім-ай» әнімен салтанатты шараны тәмамдады.

Райхан Хамзина, 

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале