«Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж және көпбалалы жеті отбасыға Рубежка мектебінің мұғалімдері демеушілік көрсетті.

«Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен өткізілген шара барысында оқушыларға оқу-құралдары мен киім-кешек таратылды. Ұстаздар бөлген ақшаға алынған қажетті заттарды ауыл еріктілері әр баланың үйіне жеткізіп берді.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға көмектесу. Аталмыш акцияға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасаған мектеп ұстаздарына алғысымыз шексіз. Акция әлі де өз жалғасын таба береді, – дейді Рубежка ауылдық округінің еріктілер тобының белсенді мүшесі, мектеп мұғалімі Айнұр Қожабаева
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz