Жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халықтарының бірлігі күні – елімізде ұлық мерекелер қатарында аталынып өтеді. Береке мен ынтымақты көздеген қазақ елі мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Содан да болар жалпақталдық ағайындар 1 мамыр — ынтымақ пен бірлік күнін бүкіл ауыл болып тойлайды. Береке бастауы бірлік болғасын мен де осы елдің жергілікті тұрғыны ретінде татар ұлтының өкілдері атынан атынан ауылдастарымды киелі мерекемен құттықтаймын.
Жалпақтал ауылында ықылым заманнан бері түрлі ұлт өкілдері Қазақстан атты үлкен мемлекттің бір шаңырағы астында тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруде. Халықтардың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлігі мәңгі жасай берсін!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борышы мен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Ұлт пен ұлыстың тарихы мен сабақтастығы дәріптеліп, қашанда жоғары бағалана берсін! Баршаңызды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Рустам Мазгутов,
Казталов ауданы
Жалпақтал ауылы