2.08.2023, 16:30
Оқылды: 38

Рухани демалыс

Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, спортқа баулу, тіпті демалыс уақытын тиімді ұйымдастыруға да көңіл бөлінеді. Осындай, кембағыл жандардың есінде қалған шара жақында Орал қаласының көрнекі жерлерін аралау болды. Расында, күнделікті өмірде жиі баратын облыс орталығының тарихи, мәдени жерлері көп екендігін бірі білсе, енді бірі білмейді.

Сұңқар Ақсай

«Сұңқар-Ақсай» қоғамдық бірлестігі «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтер» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастарды белсенді өмірге тарту, рухани дамуды қолдау мақсатында Орал қаласының көрікті жерлері мен музейлерге саяхат жасады.

Ішкі туризмнің дамуына қолдау көрсету шарасында жастар облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мәншүк Мәметова атындағы мұражай үйінде болып тарихи ескерткіштермен, өнер туындылары, мәдени құндылықтармен, Ұлы Отан соғысы кезінен жиналған мұралармен танысты.

Одан соң жастар «Nur-Er» ат спорты туристтік орталығында болып, түрлі аураларды емдеу, қан айналымын жақсарту мақсатында жүргізілетін ем шараларына қатысты.

Мұнымен қоса қалалық мәдениет және демалыс саябағында таза ауамен тыныстап, демалып қайтты.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале