19.03.2024, 18:00
Оқылды: 54

«Рухани қолдау, адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды»

Наурызнама аясында қайырымдылық күні сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – жүрегі кең қазағымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі.

InShot_20240319_180335585

Осыған орай бүгін Жаңақала аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Садуақас Еслямғалиевтың бастамасымен, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен көру мүшесі зақымдалған І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге арналған дастарқан жайылып керемет, еркін тақырыпта мерекелік кеш өтті. Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева сөз сөйлеп қонақтарды мерекемен құттықтады. Әрі қарай кітапхана жүйесінің директоры Дина Мұқашева сөз алып,  келген қонақтарға қош келдіңіз айтса, игі жақсылардың қатарынан көрініп, үнемі қайырымдылық жасап жүрген кітапхана қызметкері Замира Төремұратқызы өз атынан келген қонақтарға сый-сияпатын ұсынды. Әрі қарай ұйымдастырушылар дайындаған әндерімен жалғасып, қонақтармен бірге қосылып ән шырқап, ізгі тілектеріне кезек берілді.

- Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіруде маңызды. Игі дәстүр қоғамға жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Осындай шараны бірге ат салысып көмек көрсеткен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиеваға және аталмыш мекеменің директоры Дина Мұқашеваға сонымен қатар әріптестеріне, демеушілік көрсеткен Замира Төремұратқызы мен қазақ соқырлар қоғамына өз атымнан алғысымды білдіремін, - дейді аудандық зағиптар қоғамның төрағасы Садуақос Болатұлы.

InShot_20240319_180350884

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Осындай қасиетті айда адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебіздерімізді аямайық. Достық пейіл танытып, жылы жүзімізбен  жақсылық жасауға асығайық.

55c9d4d0-389e-4425-88a0-2745c1f23fcc

c13e90f7-9935-438d-8bc1-e93494d7bd3e

Аруғаным Қазиева, 

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале