4.11.2021, 16:13
Оқылды: 51

Рухани орда жылды қорытындылады

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітапхана уақыт тоғысында» атты жыл қорытындысына арналған шара өтті.

WhatsApp Image 2021-11-04 at 16.08.26 (3)

Фойе кітап көрмесі, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 кітаптан құралған инсталляциямен безендірілген. Шараның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова сөз сөйлеп, мұғалімнің еңбегі инемен құдық қазғандай болса, кітапханашылардың да рөлі өте зор екенін атап айтты.

Әлемді алаңдатқан ахуалға байланысты кітапханалар белгілі ақын-жазушылардың әдебиеттерін насихаттауда, мерекелік шаралар, түрлі байқаулар мен дауыстап оқуылар, ақпараттық сағаттар, челлендждер мен марафондарды онлайн түрде өткізіп, әлеуметтік желіге жүктеп, оқырмандардың шараларға қатысулары артты. Осы орайда, жылды қорытындылау мақсатында онлайн үздік жұмыстары мен облыстық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

WhatsApp Image 2021-11-04 at 16.08.26

Аудандық кітапхананың оқырман қамту бөлімі мен Қамысты ауылдық модельді кітапханасы ең үздік онлайн шара ұйымдастырушы болып танылды. Сонымен қатар, «Ерекше оқырман кітапханашысы» аудандық байқауында бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше Қамысты, Тау және Талов ауылдық модельді кітапханалар иеленді. Аудандық балалар модельді кітапханасы ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ үздік оқырман иегерлері анықталды. Дәлірек айтсақ, аудандық кітапхананың «Ең үздік формуляр иегері-2021» аталымымен Ерлан Садиров марапатталса, аудандық модельді кітапхана бойынша оқырман Гүлбар Қалихан болды.

WhatsApp Image 2021-11-04 at 16.08.26 (2)

Салтанатты шарада аудан көркемөнерпазы Райымбек Каримов, «Ақмаржан» би тобы, аудандық туризм және экология орталығының бард әншілері өнер көрсетті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале