19.11.2021, 21:45
Оқылды: 47

Рухани сырласу семинары өтті

Бүгін Қаратөбе ауданы орталығындағы  Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Бақыттың кілті - әйелде» атты рухани сырласу семинары өтті.
2

Семинардың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан  әйел-ананың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі маңызы, тағы да басқа құнды қасиеттері турасында әңгімелеп, семинарға қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

3

«Бұл - семинар қазіргі қоғамдағы отбасы құндылығын дәріптейтін құнды шара» - деген алғы сөзімен рухани сырласу семинарын Қаратөбе мектеп-гимназиясының психологы Мейрамгүл Геройқызы  ашты.

Семинардың бірінші бөлімінде шараға қатысушылар кезекпен өздерін таныстырып, ойлары мен ұстанымдарын айтып берді.

5

Екінші бөлімді бастау барысында әйел-аналарға  ер азаматтар гүл ұсынып,  құрметпен музейдің мәжіліс залындағы орындықтарға жайғастырды.

Мәжіліс залында белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның «Бақытты әйел» әні шырқалып, семинарға қатысушы нәзік жандар қошеметпен қол соғып, ән ырғағымен би биледі.

Аталмыш семинардың мақсаты – қазіргі қоғамдағы  әйел-ана болмысының құндылығын ашу, оның маңызын ұғыну, бақытты болудың психологиясын үйрену, нәзік жандылардың рухани жандүниесінің тазаруына арналған нақты кеңестермен танысу, дана әйел, салиқалы жар болудың құпиясын ашу, баланың ішкі жан дүниесін түсінудің қағидаларымен танысу, есті келін, жақсы ене болудың тиімді жолдарын меңгеру болды.

4

Әйел-ананың қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі рөлі мен құндылығы, ана бақыты турасында ой қозғаған мектеп психологы Мейрамгүл Геройқызы, семинарға қатысушыларға түрлі сауалдар қойып, пікір алмасып отырды.

Семинардың үшінші бөлімінде нәзік жандыларға арналған кофе-брейк ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар музейдегі жәдігерлермен танысты.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы  

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале