Тасқала ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы аудандық семинар өтті.
Семинарға мекемелер мен ауылдық округтердегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты мамандар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлыры қатысты.
Аудан әкімі орынбасары А.Баяндықов жүргізген жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Лұқпанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Г.Бирниязова, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әкімгері А.Шакенова, Шежін ауылдық округінің бас маманы З.Какимгалиева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар мен жоспарлары жөнінде баяндамаларын оқыды.
Жиында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жан-жақты талданып, атқарылған істер айтылды.
Мәселен, «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттардың көмегімен елді мекендерді абаттандыру, қайта жаңғырту және салу, саябақтар, аллеялар, ескерткіштер, балалар ойын алаңы секілді әлеуметтік жобалар іске асқан. Білім ұяларында биылдыққа 34 тәрбиелік іс-шара өткізілген.Семинар соңында аудан әкімі орынбасары А.Баяндықов ауданның әлеуетіне тоқталып, ілкімді істер әлі де жалғасатынын айтты.
Болатбек Сапаргалиев
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер