13.04.2017, 12:28
Оқылды: 48

Рухани жаңғыру – заман талабы

Karatobe Najim ata pikir    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында былай деп атап көрсетті: «Мен жыл басындағы халыққа  Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айырықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу».


   Міне, Елбасы өзінің мақаласында экономикалық жаңғырумен қатар саяси жаңғырудың да ерекше маңыздылығын атап көрсеткен.

      Қолға алған ұлы істі жүзеге асыруда бұқараның саяси санасына оңды ықпал ету баға жетпес қадам болып табылады.

     Бұл бағытта әрбір Қазақстандық өзінің ұмтылысын ел болашағының өркендеуіне бағыттай білуі басты міндет.

      Мақалада Президент қазақстандықтардың саяси санасын жаңғыртуда мынадай мәселелерді алға тартып отыр. Біріншіден, тұтас ұлттың бәсекеге қабілетті болуы, екіншіден, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу, байлығымызды орынды жұмсай білу. Үшіншіден, ұлтаралық татулықты сақтау. Төртіншіден, білімнің салтанат құруына жеткізу. Бесіншіден, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуын қамтамасыз ету. Алтыншыдан, кәсіби байланыс ретінде көп тіл білу.

       Сонымен қатар мақалада қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көрініс тапқан. Аталмыш мәселені шешуде алда көптеген жұмыстар жүргізу керектігі де жан-жақты қозғалған. Туған елің, жеріңе деген патриоттық сезім ешқашан әрбір адам санасынан ажырамауы тиіс. Осыған байланысты «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық бағдарламаға айналуы қажет.

    Елбасы мақаласы Қазақстан халқын бірлікке, татулыққа үндей отырып, ел экономикасын дамытып, оны мекендейтін халқының сана-сезімінің өте жоғару болуына да үндейтін баға жетпес құжат.

Нәжім ДӘУЛЕТОВ,

Қаратөбе аудандық

ақсақалдар алқасының төрағасы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале