Бәйтерек ауданында еріктілер қозғалысының қайырымдылық жұмыстары әлі де жалғасуда. Жуырда Макаров ауылдық округіне қарасты Садовый елді мекенінің еріктілері «Ардагердерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты зейнеткердің үйіне барып, көмек көрсетті. Жастар қариялар мен кейуаналардың үйі алдындағы қарын аршып, отын жарып берді.
- Садовое ауылының жастары бұл бастаманы былтыр көтерді. Олар атқарған іс жетерлік. Тіпті аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға да қолдан көмегін көрсетіп тұрады. Түрлі мерекелерде де жақсылық жасаудан шет қалмайды. Жастар бұл бастамаларын аяқсыз қалдырмақ емес, - дейді округ әкімі Еркін Әбілкәкімов.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz