20.01.2023, 19:21
Оқылды: 45

«Сағындым сені, Ұланым»

Бүгін Мәстексай ауылдық мәдениет үйінде сол ауылдың азаматы, мәдениет саласының қызметкері Ұлан Баесовты еске алуға арналған кеш өтті. Туған елдің төл перзентінің бақилық дүниеге аттанғанына бір жыл толуына орай өткізілген кешке Ұ.Баесовтың анасы, артында қалған ұл-қызы, бауырлары және аудан әкімдігі, Мәстексай ауылдық округі, Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар мәдениет сарайы» ұжымы,  достары мен ауыл азаматтары қатысты. Ол – қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырын өнерге арнап, ел-жұртының алдында сыйлы бола білген азамат.

c5c1cce8-f45a-4489-b2ba-1f476b410efe

Дүниеден озса да, халқының жүрегінде мәңгі сақталатын атпал азаматтың еске алу кешінде аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Тілепбергенов барлық тума-туыстарына көңіл айтып, қос құлынын тәрбиелеп отырған анасына аман отыруын тілеп, жаулық жапты. Жүрек тебірентер әсерлі кеште Жанайдар Болатбекұлының дайындауында Ұ.Оразайұлының өмір жолынан бейнебаян ұсынылды. Онда Ұланның ұстаздары Гүлсара Ғалымжанқызы, Ақмарал Аманқызы оқушысы туралы естелік әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ достары, әріптестері де оның үнемі күлімдеп жүретін нұрлы жүзі білікті, білімді, қарапайым жан ретінде жадымызда қалады деп сыр шертті.

e12d8c9b-f309-43fa-b969-577fe7317dcd

Жерлес ақын інісі Алтынбек Ермекқалиевтің «Ұлан ағама арнау» өлеңін Нұрлан Хамзин оқыса, өмірде бірге жүрген Саясат Бексариев досына деген сағыныштан туған «Сағындым сені,  Ұланым» әнін жүрекке жеткізе орындады. Көзі тірісінде Ұлан Баесов пен досы Ерсайын Қажығалиев орындайтын «Жамалым» әнін ұлы Әкежан Ұланұлы мен Ерасыл Қанатұлы орындаса, шәкірт інісі Сәтжан Баязиев «Жан досым» әнін шырқады. Сондай-ақ басқа да әріптес-жолдастары досына арналған ән арқылы ыстық сағынышын білдіріп жатты.

Нұргүл Елтайқызы

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале