Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында Ш.Шағыров көшесіндегі саябақтың ішінде жаңадан балаларға арналған ойын алаңы ашылды.
Құны 13 млн. теңгені құрайтын балалар алаңы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы іске асырылып қолданысқа берілді. Аталмыш жобаның мердігері "БатысКотлоМонтаж" ЖШС.
Саябақ іші жарықшамдармен жарықтандырылып, брусчаткалар төселіп, көпшілік демалатын орындықтар, балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, стрит воркаут т.б ойын құрылғылары орнатылған.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов балғындардың игілігіне берілген ойын жабдықтарына салғырт қарамай, ұқыпты ұстауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Лента кесу рәсіміне еңбек ардагерлері Шәкира Ишанғалиева мен Қалампыр Айтжанова қатысты.
Арайлым Есмағұл,
Бөкей ордасы ауданы