Бүгін таңғы 8:06 минутта Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылыда жеке кәсіпкер Жанар Темрешованың Ғ.Әзербаев 16, көшесінде орналасқан "Думан" мейрамханасы өртеніп жатқаны туралы №19 өрт сөндіру бекетіне хабар түсті.
№ 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқиға орнына бір минутта жетіп, өрт 8:43-те оқшауланды. Жалпы өрт көлемі 80 шаршы метрді құрап отыр.
Оқиға орнына бір техника мен жеке құрамның сегіз қызметкері жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіру жұмысын жүргізіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт 9:57-де толықтай жойылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Ақылбек Сағитов,
Бөкей ордасы ауданы ТЖБ-ның бастығы,
азаматтық қорғау майоры