2.06.2025, 23:00
Оқылды: 288

Сайқында «Шәндекен» мәйітінің қоршауы жаңартылды

Сайқын ауылының тұрғындары ауызбіршіліктерінің арқасында «Шәндекен» мәйітінің қоршауын жаңартты.

IMG-20250602-WA0040

Уақыты келе тозығы жеткен қоршауды жаңартуға қаражатты Сайқын ауылының белсенділері жинаған екен. Жалпы 600 мыңға жуық қаражатқа Алматы қаласынан топсалы торға тапсырыс беріп, аталмыш іс қолға алынған.
Біреуі қаржымен көмектессе, бірқатар ауыл азаматтары өз еріктерімен торды орнатуға атсалысқан. Еріктілер қатарынан 30-дан астам жерлесіміз бар.

IMG-20250602-WA0043
- Уақыт өте келе қорымның қоршауы тозғанын көріп жүрген біз бұл жағдайды дұрыстау керек деп шештік. Бұл тек сыртқы келбетті қалпына келтіру емес, сонымен қатар ішкі тазалықты қолға алу мақсатында қолға алынған жұмыстардың бірі. Соңғы кезде мәйіт ішінен киіктің өлекселері де табылып жүрді. Жоғарда айтылғанды ескере отырып, Алматы қаласынан топсалы торға тапсырыс беріп, сол тормен қоршауды шештік. Ойымызды іске асыруға атсалысқан азаматтарға алғысым шексіз!- дейді Бөкей ордасы ауданының белсенді азаматы, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Насимоллин.

IMG-20250602-WA0039
Сонымен қатар, Қайрат Насимоллиннің айтуынша болашақта мәйіт басынан қабіршілердің жағдайы үшін қысқы мерзімге арналған кішігірім ғимарат салынбақ.

Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале