7.05.2025, 16:08
Оқылды: 318

Сайқында ҰОС ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды

Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай Сайқын ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Нәси Нүркеновтің мекені болған қара шаңырағына мемориалдық тақта орнатылды. Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ұрпақтарына жылы лебізін білдірді. Ескерткіш тақтаны аудан әкімі мен ардагердің ұлы Серік Нәсиұлы ашты. Шарада аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков бастаған майдангердің көзін көрген ауылдастар естеліктерімен бөлісті.

майдангерге такта

Естеріңізге сала кетсек, Нәси Нүркенов 1918 жылы дүниеге келген. 1935-1938 жылдары Орда ауданы Ленин ұжымшарында қойма меңгерушісі боп қызмет атқарған. 1938-1940 жылдар аралығында  Кеңес армиясы қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеген. Елге оралған соң 1942 жылға дейін есепші қызметін атқарған. 1942 жылы майданға шақырту алған. 1942-1943 жылдары Сталинград, Оңтүстік, Шығыс, Батыс майдандарында шайқасты. 1943-1945 жылдары милиция қызметінде, 1945-1952 жылдары  Лабай ауылдық кеңесінде агент қызметінде болған. 1952 жылдан 1987 жылға дейін түрлі салада еңбек етіп, аудан дамуына сүбелі үлес қосты. Жауынгерлік ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» ордені және бірқатар медальдармен марапатталған.

майдангер-2

Жұбайы Жәннатпен жеті ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсіріп, адам қатарына қосқан.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале