Әр жылдары мектеп бітіргеніне бірнеше жыл болған түлектер қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды.
Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының 1977 жылы туған азаматтары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай, мүмкіндігі шектеулі балғындарға ойыншықтар сыйлады.
Өз кезегінде М.Мәметова мектебін 1994 жылы тәмамдаған түлектер мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәрбиешілеріне алғыстарын білдірді.
Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге Айнаш Атаева алғыс айтып, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан және педагогикалық түзеу кабинеті басшысының атынан алғысхат табыс етті.
Ару Айдын,
Бөкей ордасы ауданы