Бөкей ордасы ауданы Сайқын аулында 196 - Қызыл тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының бауырластар зиратынан арнайы капсулаға топырақ салу рәсімі өтті.
Ардагер журналист Каримолла Ғайсин Ұлы Отан соғысы кезінде біздің ауыл маңында қаза тапқан аталмыш дивизия жауынгерлерін 1985 жылы қайта жерленгенде ҰОС ардагерлері көп болғанын еске түсірді. Ол бауырластар зиратындағы жауынгерлердің, бүгінде қатарлары сиреген ардагерлердің ерліктерін ұмытпау жас ұрпақтың парызы екеніне тоқталды. Өз кезегінде әскерилер бауырластар зиратынан топырақты капсулаға салып, оны Орал қаласындағы Ресей елінің елшілігіне жолдау үшін М.Мәметова атындағы орта мектеп мұражайының жетекшісі Айгүл Ғұмароваға тапсырды.
Одан әрі бұл капсула Ресей Федерациясы, Ленинград облысы Гатчинск қаласындағы жерлестеріне жеткізілмек.
Раушан Жанатқызы
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер