20.11.2022, 10:18
Оқылды: 28

Сайлау 24 уческеде жүріп жатыр 

Бөкей орда ауданында сайлау науқаны 24 учаскеде өтуде. Аудан бойынша 9173 сайлаушы тіркелген. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұркен Сабиров мәлімдеді. 

IMG-20221120-WA0075

Барлық учаскеде сайлау бірқалыпты өтуде. Бәрінде дерлік байқаушылар сайлаудың өту барысын бақылауда. Байқаушылар негізінен "Аманат" партиясының депутаттары мен "Абырой" ҚБ-нің мүшелері.

- Әзірше 437 сайлаушы дауыстарын үйден беремін деп өтініш білдірген. Бұл ақпарат әлі де өзгеруі мүмкін. Сағат түскі 12-ге дейін сайлаушы дауысын үйден беру үшін өтініш түсіре алады, - дейді Нұркен Хаироллаұлы.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале