Ақпан айының бірінші бейсенбісі дүниежүзілік сайлау күні болып атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске салу, сайлаушылардың белсенділігін арттыру, азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару. Қазіргі заманда демократиялық қоғам құрудың негізгі шарты – еркін, әділ және ашық сайлау жүйесінің болуы.

Мемлекет басшысының V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде елдің саяси жүйесін одан әрі дамыту басымдықтары, бірпалаталы Парламентке көшу жоспарлары мемлекеттің институциалдық негізін нығайту бағыттары туралы жан-жақты айтып өтті.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сай заңның үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, қолжетімділік, алқалық, кәсібилік принциптері негізінде ауданымызда он күндік іс-шара жасақталып өтуде. Іс-шара жоспарына сай мектептерде жоғарғы сыныптарда тәрбие сағаттары, жастар арасында Жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен танымдық, интелектуалдық ойындар, зияткерлік сайыстар, кездесулер өту жоспарланды.
Сайлауды өткізуде электоралдық принциптер қағидалары қатаң сақталуы шарт.
Электоралдық принциптер дегеніміз – сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидалары. Олар сайлау процесінің әділ, ашық және заңды өтуін қамтамасыз етеді. Электоралдық принциптер – сайлаудың әділ өтуінің ғана емес, сайлаушы сенімінің де басты кепілі. Егер осы қағидаттар толық сақталса, азаматтар сайлау нәтижесіне сеніп, қоғамдағы саяси тұрақтылық нығаяды. Сондықтан әрбір азамат электоралдық принциптердің маңызын түсініп, сайлау процесіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Сайлаушының сенімі мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етеді, азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына ықпал етеді, сайлау нәтижелерінің заңды әрі мойындалған болуына негіз болады.
Егер электоралдық принциптер бұзылса, қоғамда күмән, наразылық және сенімсіздік пайда болады.
Демократия – халық билігі дегенді білдіреді. Ал халықтың билікті жүзеге асыруының басты жолы – сайлау. Сайлау арқылы азаматтар өз өкілдерін таңдап, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал етеді. Әрбір дауыс – ел болашағын айқындайтын маңызды шешім. Осы тұрғыдан алғанда, сайлау – азамат пен мемлекет арасындағы өзара байланыстың басты тетігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың сайлау және сайлану құқығы нақты бекітілген. Бұл – еліміздің құқықтық және демократиялық мемлекет екенін көрсетеді. Қазақстанда Президент, Парламент және мәслихат депутаттары сайлау арқылы таңдалады. Яғни, халық мемлекетті басқаруға тікелей қатысады.
Сайлау мәдениеті жоғары елде азаматтар өз құқықтарын біледі, заңды құрметтейді және қоғамдық өмірге белсенді араласады. Әсіресе, жастардың сайлау туралы білімі мен көзқарасы маңызды. Себебі бүгінгі жастар – ертеңгі сайлаушылар, болашақ көшбасшылар.
Жастардың саяси белсенділігі елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жастар сайлауға немқұрайлы қараса, қоғамның дамуы баяулайды. Ал керісінше, саналы, белсенді жастар демократияның тірегіне айналады. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап сайлау туралы білім беру – азаматтық тәрбиенің маңызды.
Өткен 2025 жылы аудан бойынша Саралжын, Жусандой, Сулыкөл, Егіндікөл ауылдық округ әкімінің сайлауы, бір шығып қалған мәслтхат депутатының орнына мәслихат сайлауы өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясы өтетін сайлауларды ақпарттық сүйемелдеу мақсатында аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясымен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайды. 2025 жылы аудандық баспасөзге барлығы – 45 ақпарат жарияланды, сонымен қатар 2025 жылы әлеуметтік желілерге барлығы 104 ақпараттық материал жаряланды.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен жасақталған электоралды оқыту жоспарына сай аудан көлеміндегі учаскелік сайлау комиссия мұшелерін оқыту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, БҚО аумақтық сайлау комиссиясы және ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ш. Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электораттық процесті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Т.Рыспеков,Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімінің басшысы Б. Тұрғанбаев іссапарда болып сайлауды әзірлеу және өткізу мәселелері бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен оқыту өткізді.
Жалпы жыл ішінде барлығы 18 оқыту жүргізілді. Оның ішінде аудандық АСК-11, БҚО АСК-5, Орталық сайлау комиссиясы-1, Мемлекеттік басқару академиясы-1. Барлығы 105- УСК мүшесі оқытылды.
Аудан тұрғындарын Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтай отырып әр отбасына амандық, елімізде бейбітшілк заман болсын деген тілегімді білдіремін.
Бақытжан Жүсіпқали,
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы