3.02.2022, 16:50
Оқылды: 88

Сайлау – еркін таңдау кепілі

Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Биыл бұл күн ақпан айының үшінші жұлдызына тұспа-тұс келіп отыр. Дүниежүзілік сайлау күніне орай Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері, бөлім басшылары, саяси партиялар мен мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сайлау - әр адамның құқығы мен еркіндігі және еліміздің даму кепілі» тақырыбында жиын өтті.

IMG-20220203-WA0021

Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Кенжеғұлов пен төраға орынбасары Арсен Бисенғалиев баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мектеп ұжымдарымен кездесулер, оқушылармен сынып сағаттарын да өткізді.

Қатысушылар арасынан сөз алған «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Мирхат Ибраев сайлау комиссиясы мүшелерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ 1-4 ақпан аралығында ауданымыздың барлық ауылдық округтер әкімі аппараттарының қызметкерлері мен сайлау комиссиясы мүшелері ауыл тұрғындарымен, мектеп ұжымдарымен, шаруа қожалықтарымен, мекеме қызметкерлерімен кездесулер және мектеп оқушыларымен сынып сағаттарын өткізді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале