Дәл қазір Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінде сайлаушылар уақыттың ертелігіне қарамастан дауыс беруге белсенді келуде.
- Участок таңғы 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Сайлаушылар үшін барлық мүмкіндік жасалған. Дауыс беру барысын байқаушылар жіті бақылауда. Сайлау учаскесінде барлығы 1089 сайлаушы бар. Осы уақытқа сайлаушылардың 90-ға келіп, дауыс берді. Сайлау тыныш, қалыпты жағдайда өтуде, - деді №170 сайлау учаскесінің төрағасы Мырзабек Малаев.
Айта кетейік, алғашқы келген сайлаушыға және үш отбасыға сыйлық берілді.
Динара Тілекқызы,
zhaikpress.kz