1.02.2024, 12:53
Оқылды: 42

Сайлау күні. Оң өзгерістерге нық қадам

Қазір кез келген елдің саяси өмірінде сайлау маңызды рөл атқарады. Тіпті тұтас мемлекеттің болашағы саяси науқанға байланысты екені жасырын емес.

423327193_935838221879186_3279201095439010215_n

Сондықтан әрбір мемлекет өзінің Ата заңында оны жүзеге асырудың ережелері мен нормаларына ерекше басымдық береді. Ақпанның алғашқы бейсенбісі — Дүниежүзілік сайлау күні.

 Осы орайда бүгін Жәнібек аудан әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен дүниежүзілік сайлау күніне орай жиын өтті. Оған аудан ардагерлері, «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

- Бұл күн азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұрт назарын аудару үшін арналған. Сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған, - деді аудан басшысы.

423328109_935838075212534_5720444414516103426_n

Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хайырлиев аудандағы ахуалға тоқталып, биыл өтетін үш ауылдық округ әкімінің сайлауы хақында айтып өтті.

Басқосу барысында Тимур Серікұлы Насиха Абдығалиеваға, Зина Құбаеваға, Нұрболат Харесовке өз атынан алғыс хат табыстаса, Арайлым Қайыржанова мен Гүлзина Ғұсмановаға облыстық сайлау комиссиясының Құрмет грамотасын берді.

Жиын соңында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалдың төрағасы Амангелді Уәлиев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы Біржан Қайырғалиұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, алдағы уақытта өтетін сайлаулардың әділ өтуіне тілек білдірді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале