Ақжайық ауданында, еліміздің барлық жеріндегідей, таңғы сағат 7.00-ден барлық сайлау учаскелері жұмысқа кірісті. Ең алдымен ел-жұрт дауыс беретін ғимараттарда ҚР Гимні орындалып, келгендер өз таңдауын жасауға кірісті. Айта кетерлігі, жылдағы дәстүр бойынша барлық учаскелерде ең алғаш дауыс берген адамға сыйлық тарту етілді.
Аудандық аумақтық сайлау комисиясы берген мәлімет бойынша, аудан бойынша 1 облыстық округтік, 12 аудандық округтік, 48 учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті.
Саяси науқанды жауапты, сауатты, әрі заңға сай өткізу міндеті осы комиссиялардағы 317 мүшеге жүктелген.
Барлық дауыс берушілердің саны – 21 169 адам.
Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы